Аймақтар • 20 Қараша, 2022

Қарағанды облысында 90 жастан асқан 2 мыңдай сайлаушы бар

219 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қарағанды облысында  642 сайлау учаскесі таңғы сағат 7:-00-де жұмысын бастады. Онда шамамен  768 мың адам дауыс беруі тиіс. Сайлаушылардың арасында бірінші рет дауыс дауыс берушілердің саны 6 мыңнан асып жығылады. Ал ең егде дауыс берушілер, яғни, 90  жастан асқан сайлаушылар қатары 2 мыңға жуық. Сондай-ақ, 2500  жуық тәуелсіз байқаушы қатысуда, деп жазады Egemen.kz.

Қарағанды облысында 90 жастан асқан 2 мыңдай сайлаушы бар

Қарағанды облысы сайлау комиссиясының хабаралуынша, ЕҚЫҰ ДИАҚБ байқаушысы миссиясы өкілдері келді. Сонымен қатар, ТМД келген байқаушылары да бар.

Қарағанды қаласындағы №12 сайлау учаскесінде 2467 сайлаушы тіркелген. Бұл учаскеде қаланың байырғы тұрғындары  тұрады. Сайлау учаскесінің төрағасы Владимир Приздің айтуынша, учаскеге 2492 бюллетень берілген. Таңғы  сағат 6.00-де  сайлау учаскесі ашылып,  тура 7:00-де жұмысын бастады.

Біздің №12 сайлау учаскесінде 2467 адам бар. Бізгі бір тәулік бұрын 2492 бюллетень берілді. Олар сейфке салынып, күзетпен сақталды. Таңғы 6-да сайлау учаскесі ашылғанда байқаушы және сенімді өкілдерден құралған 10 адам келді. Оларға  сайлау учаскесінде сайлау барысын бақылау үшін барлық жағдай жасалды. Оның ішінде президентке үміткерлердің 2-і сенімді өкілі, 8 адам  түрлі партия қоғамдық ұйымдардан бақылауда. 21 адам үйден дауыс береді. Бірінші рет дауыс беруші 89  жас бар.  Алғашқы келушілер мен бірінші рет дауыс беруші жастарға сый-сияпат жасалды, дейді Владимир Николаевич.

Президенттікке үміткер  Жигули Дайрабаевтың сенімді өкілі Нұрлан Наурызов осы сайлау учаскесінде байқаушы. Сенімді өкіл қазіргі уақытқа дейін дауыс беру кезінде ешқандай заң бұзушылықтар орын алмағанын айтады.

- Қазіргі уақытта Қарағанды қаласындағы 12 сайлау учаскесінде дауыс беру халық тарапынан белсенді. Отбасыларымен келіп дауыс беріп жатқанын  көріп отырмыз. Келушілердің көңіл күйі жақсы. Бақылау кезінде әзірге ешқандай заң бұзушылық болған жоқ. Сайлау комиссиясы өз жұмыстарын тиісті деңгейде атқарып отыр, - дейді Нұрлан Наурызов.

Аталған сайлау учаскесінде сағат 9-ға дейін 130 адам келіп дауыс берді.

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек те Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында Қарағандыдағы әл-Фараби атындағы мектеп-гимназиянда орналасқан №42 сайлау учаскесінде дауыс берді.

- Біздің учаскеде 1825 сайлаушы тіркелген, оның ішінде 37-і бірінші рет дауыс берушілер. Үйден сайлауға қатысу туралы өтініштер түскен жоқ. Таңғы сегізге дейін 60-қа жуық адам дауыс берді, - деді № 42 учаскелік комиссияның төрайымы Сабина Бижанова.

Дауыс беру процесін коммерциялық емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің тәуелсіз бақылаушылары қадағалайды.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысында дауыс беруге арналған 642 учаске бар.